ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Желіні қорғау ақаулықтарын жою

Ақаулықтарды жою шебері ESET брандмауэры тудыратын қосылу мүмкіндігі мәселелерін шешуге көмектеседі. Ашылмалы мәзірде байланыс блокталған уақыт кезеңін таңдаңыз. Жақында блокталған байланыстар тізімі қолданба немесе құрылғы түрі туралы шолуды, сол уақыт кезеңінде блокталған қолданба және құрылғылардың репутациясын және жалпы санын береді. Блокталған байланыс туралы қосымша мәліметтер алу үшін Мәліметтер тармағын басыңыз. Келесі қадам — байланыс мәселелері болып жатқан қолданбаны немесе құрылғыны блоктаудан шығару.

Блоктаудан шығару түймешігін басқанда бұрын блокталған байланысқа рұқсат етіледі. Қолданбада мәселелер жалғасса немесе құрылғы күтілгендей жұмыс істемесе, Қолданба әлі жұмыс істемей жатыр тармағын басыңыз, сонда сол құрылғы үшін бұрын блокталған барлық байланыстарға рұқсат етіледі. Мәселе қалса, компьютерді қайта іске қосыңыз.

Шебер жасаған ережелерді көру үшін Өзгертулерді көрсету түймешігін басыңыз.

Басқа құрылғыдағы немесе қолданбадағы байланыс мәселелерін шешу үшін Басқасын блоктаудан шығару түймешігін басыңыз.