ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Қауіпсіз режим

Егер ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының графиктік интерфейсі қауіпсіз режимде іске қосылған болса, бағдарламаның қауіпсіз режимде іске қосылайын деп жатқаны туралы хабардар ететен диалогтық терезе көрсетіледі. Қауіпсіз режимде барлық бағдарламалардың әрекеті шектеулі болғандықтан, ESET Endpoint Antivirus бағдарламасының графиктік интерфейсін стандартты режимдегідей ашу мүмкін емес.

Шыққан терезе компьютерді қарап шығуды іске қосуға мүмкіндік береді. Егер сіздің компьютерде зиянды кодтың бар-жоқтығын тексергіңіз келсе, Иә опциясын таңдаңыз.

Бұл әрекеттен кейін ESET Endpoint Antivirus бағдарламасын орнатқаннан кейінгі әдепкі компьютерді қарап шығу профайлындағыдай параметрлерді пайдаланатын бөлек терезеде қарап шығу іске қосылады.

Диалогтық терезені жабу үшін Жоқ опциясын таңдаңыз; ESET Endpoint Antivirus бағдарламасы ешбір әрекетті орындамайды.