ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Аймақтарды конфигурациялау

Аймақ дегеніміз IP мекенжайларының бір логикалық тобын құрайтын, бірнеше ережелерде бір мекенжайлар жиынын қайта пайдаланған кезде пайдалы болатын желілік мекенжайлар жиынтығы. Бұл топтағы әр мекенжайға бүкіл топ үшін ортақ анықталған ұқсас ережелер тағайындалады. Осындай топтардың бір мысалы – Сенімді аймақ. Сенімді аймақ дегеніміз брандмауэр мүлде блоктамайтын желілік мекенжайлардың тобын білдіреді.

Сенімді аймақ қосу үшін:

  1. Кеңейтілген баптау (F5) > Желіні қорғау > Негізгі > Аймақтар бөлімін ашыңыз.
  2. Аймақтар жанындағы Өңдеу түймесін басыңыз.
  3. Қосу түймесін басып, аймақтың Атауы мен Сипаттамасын жазыңыз да, Қашықтағы компьютер мекенжайы (IPv4/IPv6, ауқым, бүркеніш) жолына қашықтағы IP мекенжайын жазыңыз.
  4. OK түймесін басыңыз.

Қосымша ақпаратты Брандмауэр аймақтары бөлімінен көріңіз.