ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Электрондық пошта клиентін біріктіру

ESET Endpoint Antivirus Бағдарламасын электрондық пошта клиентімен біріктіру электрондық пошта хабарларындағы зиянкес кодтан белсенді қорғаудың деңгейін жоғарылатады. Егер электрондық пошта клиентіне қолдау көрсетілсе, біріктіруді ESET Endpoint Antivirus бағдарламасында қосуға болады. Электрондық пошта клиентіне біріктірілген болса, ESET Endpoint Antivirus құралдар тақтасы тікелей электрондық пошта клиентіне кірістіріліп, электрондық поштаны тиімдірек қорғауға мүмкіндік береді. Біріктіру параметрлері Кеңейтілген орнату (F5) > Веб және электрондық пошта > Электрондық пошта клиентін қорғау > Электрондық пошта клиентін біріктіру тармағында орналасқан.

Microsoft Outlook қазір жалғыз қолдау көрсетілетін электрондық пошта клиенті болып табылады. Электрондық поштаны қорғау функциясы плагин ретінде жұмыс істейді. Қосылмалы модульдің басты артықшылығы – оның пайдаланылатын протоколды талғамайтыны. Электрондық пошта клиенті шифрланған хабарламаны алған кезде, оның шифры шешіледі және вирусты қарап шығу құралына жіберіледі. Қолдау көрсетілетін Microsoft Outlook нұсқаларының толық тізімін ESET білім базасы тарауынан қараңыз.

Тіркемені өңдеуді оңтайландыру – Егер оңтайландыру ажыратылса, барлық тіркемелер бірден сканерленеді. Ажыратқан кезде, ол электрондық пошта клиентінің өнімділігін баяулатуы мүмкін.

Электрондық пошта клиентінің кеңейтілген өңдеуі – Егер электрондық пошта клиентімен жұмыс істегенде жүйе баяуласа, бұл опцияны өшіріңіз.