ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Белсендіру әрекеті жазылымның артық пайдаланылуына байланысты орындалмады

Мәселе

Жазылымыңыз артық пайдаланылуы немесе теріс пайдалануы мүмкін

Белсендіру әрекеті жазылымның артық пайдаланылуына байланысты орындалмады

Шешімі

Бұл жазылымды рұқсат етілгеннен көбірек құрылғы пайдалануда. Бағдарламалық құрал қарақшылығының немесе жасандылығының құрбаны болуыңыз мүмкін. Жазылымды кез келген басқа ESET өнімін белсендіру үшін пайдалану мүмкін емес. Егер жазылымды ESET HOME есептік жазбасында басқаруға рұқсатыңыз болса немесе жазылымды тиісті көзден сатып алған болсаңыз, бұл мәселені тікелей шеше аласыз. Егер есептік жазбаңыз болмаса, есептік жазба жасаңыз.

Егер сіз жазылым иесі болсаңыз және электрондық пошта мекенжайыңызды енгізу сұралмаған болса:

1.ESET жазылымын басқару үшін веб-браузерді ашып, https://home.eset.com бетіне өтіңіз. ESET License Manager љніміне кіріп, орындарды жойыњыз немесе ажыратыњыз. Қосымша ақпаратты Жазылым артық пайдаланылған жағдайда не істеу керек бөлімін қараңыз.

2.Жалған ESET жазылымын анықтау және ол туралы хабарлау үшін қажет нұсқауларды Жалған ESET жазылымын анықтау және ол туралы хабарлау мақаласынан қараңыз.

3.Егер сенімді болмасаңыз, «Артқа» опциясын басыңыз және ESET Техникалық қолдау қызметіне электрондық хабар жіберіңіз.

Егер сіз жазылым иесі болмасаңыз, жазылымды тым көп құрылғы пайдаланатынын және ESET өнімін белсендіре алмай жатқаныңызды жазылым иесіне хабарлаңыз. Лицензия иесі мѕселені ESET HOME порталында шеше алады.

Егер электрондық пошта мекенжайыңызды растау сұралса (тек бірнеше жағдайда), бастапқыда ESET NOD32 Antivirus сатып алу немесе белсендіру үшін пайдаланылған электрондық пошта мекенжайын енгізіңіз.