ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Үйрену режимі аяқталды

Үйрену режимі ережелерді автоматты түрде жасайды және сақтайды. Барлық жасалған ережелерді HIPS ережесінің параметрлерінде тексеруге болады. Бұл режимді HIPS бастапқы конфигурациясы үшін қолданған жөн, бірақ аз уақытқа ғана созылуы керек. Пайдаланушының араласуы қажет емес, себебі ESET NOD32 Antivirus ережелерді алдын ала анықталған параметрлерге сай сақтайды. Қауіпсіздік тәуекелдерін болдырмау үшін операциялық жүйе ішінде жұмыс істейтін қажетті процестердің барлық ережелері жасалғаннан кейін интерактивті немесе саясатқа негізделген режимге ауысыңыз.

Параметрлерді өзгерткіңіз келмесе, бұл шешімді кейінге қалдыруға болады.