Вебке кіруді қорғау
Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі интернетті қорғау модулінің кеңейтілген параметрлерін конфигурациялауға мүмкіндік береді. Келесі опциялар Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Вебке кіруді қорғау > Вебке кіруді қорғау бөлімінде қолжетімді:
Вебке кіруді қорғауды қосу — Өшірілген кезде Вебке кіруді қорғау және Антифишингтік қорғау іске қосылмайды.
Вебке кіру қорғанысын қосулы қалдыруды және әдепкі бойынша қандай да бір қолданбаны немесе IP мекенжайын сканерлеу ауқымынан шығарып тастамауды ұсынамыз. |
Антифишингтік қорғауды қосу — Іске қосылғанда фишинг веб-беттері блокталады. Қосымша ақпаратты Антифишингтік қорғау бөлімінен қараңыз.
Шығарылып тасталған қолданбалар — Кейбір қолданбаларды Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі арқылы сканерлеу ауқымынан шығарып тастауға мүмкіндік береді. Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі үйлесімділік мәселелерін туғызған кезде пайдалы.
Шығарылып тасталған IP мекенжайлары — Нақты қашықтағы мекенжайларды Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі арқылысканерлеу ауқымынан шығарып тастауға мүмкіндік береді. Вебке кіруді қорғау мүмкіндігі үйлесімділік мәселелерін туғызған кезде пайдалы.
Веб-сайт блокталған кезде вебке кіруді қорғау браузерде мына хабарды көрсетеді:
Суреттері бар нұсқаулар ESET білім қорының мына мақалалары тек ағылшын тілінде қолжетімді болуы мүмкін: •Қауіпсіз веб-сайтты Вебке кіруді қорғаумен блокталуына қоспау •Веб-сайтты ESET NOD32 Antivirus арқылы блоктау |