ESET онлайн анықтамасы

Тақырыпты таңдаңыз

Апта сайын компьютерді қарап шығуды жоспарлау әдісі

Тұрақты тапсырманы жоспарлау үшін негізгі бағдарлама терезесін ашыңыз және Құралдар > Жоспарлағыш тармағын басыңыз. Төменде жергілікті дискілерді әр апта қарап шығатын тапсырманы жоспарлау әдісі туралы қысқаша нұсқаулық берілген. Толығырақ нұсқаулар бойынша Білім қоры мақаласын қараңыз.

Қарап шығу тапсырмасын жоспарлау үшін:

1.Жоспарлағыштың негізгі терезесіндегі Қосу түймешігін басыңыз.

2.Тапсырма атауын енгізіп, Тапсырма түрі ашылмалы мәзірінен Компьютерді талап бойынша қарап шығу пәрменін таңдаңыз.

3.Апта сайын опциясын тапсырманы орындау жиілігі ретінде таңдаңыз.

4.Тапсырма орындалатын күн мен уақытты орнатыңыз.

5.Жоспарланған тапсырма кез келген себеппен іске қосылмаса (мысалы, компьютер өшірілген болса), тапсырманы кейінірек орындау үшін Тапсырманы мүмкіндігінше тез орындау параметрін таңдаңыз.

6.Жоспарланған тапсырманың қорытындысын қарап шығып, Дайын түймешігін басыңыз.

7.Мақсаттар ашылмалы мәзірінен Жергілікті дискілер опциясын таңдаңыз.

8.Тапсырманы қолдану үшін Дайын түймешігін басыңыз.