ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Microsoft Windows® жаңарту

Windows жаңарту мүмкіндігі – пайдаланушыларды зиянды бағдарламалық құралдан қорғаудың маңызды компоненті. Осы себепті Microsoft Windows жаңартулары қол жетімді болған кезде оларды орнату маңызды болып табылады. ESET NOD32 Antivirus бағдарламасы Кеңейтілген орнату > Құралдар бөлімінде көрсетілген деңгейге сәйкес жоқ жаңартулар туралы хабарлайды. Келесі деңгейлер бар:

Жаңартулар жоқ – Жүктеу үшін жүйелік жаңартулар ұсынылмайды.

Қосымша жаңартулар – Төмен және жоғарырақ басымдылығы бар деп белгіленген жаңартулар жүктеу үшін ұсынылады.

Ұсынылған жаңартулар – Жалпы және жоғарырақ басымдылығы бар деп белгіленген жаңартулар жүктеу үшін ұсынылады.

Маңызды жаңартулар – Маңызды және жоғарырақ басымдылығы бар деп белгіленген жаңартулар жүктеу үшін ұсынылады.

Маңызды жаңартулар – Тек маңызды жаңартулар жүктеу үшін ұсынылады.