Ойыншы режимі
Ойыншы режимі — бағдарламалық құралды кедергісіз пайдалануды қажет ететін, хабарландыру/ескерту терезелердің мазалауын қаламайтын және CPU пайдалануын барынша азайтқысы келетін пайдаланушыларға арналған мүмкіндік. Сондай-ақ, ойыншы режимін антивирустық әрекетімен үзілмейтін көрсетілімдер кезінде пайдалануға болады. Бұл мүмкіндікті қосқанда, барлық қалқымалы терезелер өшіріледі және жоспарлағыш әрекеті толығымен тоқтатылады. Жүйені қорғау әлі де фонда орындалады, бірақ ешбір пайдаланушының араласуын қажет етпейді.
Ойыншы режимін негізгі баѓдарлама терезесінде Орнату > Компьютерді ќорѓау тармаѓыныњ астында жанындаѓы немесе параметрін басу арќылы ќосуѓа немесе љшіруге болады. Ойыншы режимін ќосу ќауіпсіздікке ыќтимал ќауіп болып табылады, сондыќтан тапсырмалар таќтасындаѓы ќорѓау кџйініњ белгішесі ќызѓылт сарыѓа айналады жѕне ескертуді кљрсетеді. Сондай-аќ, бђл ескертуді баѓдарламаныњ негізгі терезесінде кљресіз, онда Ойыншы режимі белсенді сарѓылт тџсте кљрсетіледі.
Толық экрандық қолданбаны іске қосқанда және қолданбадан шыққаннан кейін тоқтатқанда ойыншы режимі басталуы үшін Кеңейтілген реттеу > Құралдар > Ойыншы режимі тармағында Қолданбалар толық экранды режимде жұмыс істеп тұрғанда Ойыншы режимін автоматты түрде қосу параметрін белсендіріңіз.
Ойыншы режимі қанша уақыттан кейін автоматты түрде өшірілетінін анықтау үшін Ойыншы режимін Х минуттан кейін автоматты түрде өшіру опциясын іске қосыңыз.