ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Құрылғыны басқару

ESET NOD32 Antivirus қолданбасы құрылғыны (CD/DVD/USB/т.б.) автоматты басқару мүмкіндігін береді. Бұл модуль кеңейтілген сүзгілерді/рұқсаттарды бұғаттауға немесе реттеуге және пайдаланушылардың осы құрылғыға қатынасу және онымен жұмыс істеу мүмкіндігін анықтайды. Бұл компьютер әкімшісі пайдаланушылардың қалаусыз мазмұны бар құрылғыларды пайдалануға жол бермеуді қалаған жағдайда пайдалы болуы мүмкін.

Қолдау көрсетілген сыртқы құрылғылар:

Диск сақтау құралы (HDD, USB алынбалы дискі)

CD/DVD

Принтер USB

FireWire сақтау құралы

Bluetooth Құрылғы

Смарт карта оқушы

Кескін құрушы құрылғы

Модем

LPT/COM порт

Портативті құрылғы (мультимедиа ойнатқыштар, смартфондар, қосып-ойнату құрылғылары және т.б. сияқты батареямен жұмыс істейтін құрылғылар)

Барлық құрылғы түрлері

«Құрылғы басқаруды орнату» опцияларын Кеңейтілген орнату > Қорғау құралдары > Құрылғыны басқару бөлімінде өзгертуге болады.

Құрылғыны басқару мүмкіндігін іске қосу үшін ESET NOD32 Antivirus ішінде Құрылғыны басқаруды іске қосу ауыстырып қосқышын басыңыз; бұл өзгеріс күшіне енуі үшін компьютерді өшіріп, қайта қосуыңыз керек. Құрылғыны басқару мүмкіндігі іске қосылған соң Ережелер өңдегіші терезесінде Ережелерді анықтауға болады.


note

Сіз әр түрлі ережелер қоладнылатын әртүрлі құрылғы топтарын жасай аласыз. Сондай-ақ, Рұқсат ету немесе Жазуға тыйым салу шараларын қамтитын ереже қолданылатын құрылғылардың тек бір тобын жасай аласыз. Бұл компьютерге қосылғанда «Құрылғыны басқару» арқылы танылмаған құрылғыларды блоктауды қамтамасыз етеді.

Егер бар ережемен блокталған құрылғы салынса, хабарландыру терезесі көрсетіледі және құрылғыға қатынас берілмейді.