ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Қосылу мүмкіндігі

Нақты желілерде прокси-сервер компьютер мен интернет арасындағы байланыстырушы элемент бола алады. Егер прокси-серверді пайдаланып жатсаңыз, келесі параметрлерді анықтауыңыз қажет. Әйтпесе, ESET NOD32 Antivirus және оның модульдері автоматты түрде жаңартылмайтын болады. ESET NOD32 Antivirus ішінде прокси серверін орнату мүмкіндігі Кеңейтілген орнатудың екі түрлі бөлімінде қолжетімді.

Ғаламдық прокси-сервер параметрлерін Кеңейтілген орнату > Қосылу мүмкіндігі > Прокси-сервер бөлімінде конфигурациялауға болады. Прокси серверді осы деңгейде көрсету ESET NOD32 Antivirus бағдарламасының ғаламдық прокси сервер параметрлерін анықтайды. Мұндағы параметрлерді интернетке қосылымды қажет ететін барлық модульдер пайдаланады.

Ғаламдық прокси-сервердің параметрлерін орнату үшін Прокси-серверді пайдалану мүмкіндігін іске қосыңыз және Прокси сервердің мекенжайын прокси серверінің Порт нөмірімен бірге теріңіз.

Егер прокси-сервермен байланыс түпнұсқалық растаманы қажет етсе, Прокси-сервер түпнұсқалықты растауды қажет етеді құсбелгісін қойып, сәйкес өрістерге жарамды Пайдаланушы аты мен Құпия сөзді енгізіңіз. Прокси-сервер параметрлерін автоматты түрде анықтау және толтыру үшін Прокси-серверді анықтау түймешігін басыңыз. ESET NOD32 Antivirus қолданбасы интернетте Internet Explorer немесе Google Chrome үшін орнатылған параметрлерді көшіріп алады.


note

Прокси-сервер параметрлерінде пайдаланушы атын және құпия сөзді қолмен енгізу керек.

Прокси қолжетімді болмаса, тікелей байланысты пайдалану — Егер ESET NOD32 Antivirus қолданбасы прокси арқылы қосылуға конфигурацияланған болса және проксиге қол жеткізу мүмкін болмаса, ESET NOD32 Antivirus проксиді айналып өтеді және тікелей ESET серверлерімен байланысады.

Прокси-сервер параметрлерін сонымен қатар Кеңейтілген орнату > Жаңарту > Профильдер > Жаңартулар > Байланыс опциялары бөлімінде Прокси-сервер арқылы қосылу пәрменін Прокси-сервер режимі ашылмалы мәзірінен таңдау арқылы конфигурациялауға болады. Бұл конфигурация тек жаңартуларға ғана қолданылады және модуль жаңартуларын алыс жерлерден қабылдайтын ноутбуктер үшін ұсынылады. Қосымша ақпарат алу үшін Кеңейтілген жаңарту параметрлері бөлімін қараңыз.

CONFIG_PROXY_SERVER