ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Microsoft Outlook құралдар тақтасы

Microsoft Outlook қорғау функциясы плагин модулі ретінде жұмыс істейді. ESET NOD32 Antivirus бағдарламасын орнатқаннан кейін осы антивирустық/ қорғау опциялары Microsoft Outlook бағдарламасына қосылады:

ESET NOD32 Antivirus – ESET NOD32 Antivirus негізгі терезесін ашу үшін белгішені екі рет басыңыз.

Хабарларды қайта қарап шығу - Электрондық поштаны тексеруді қолмен іске қосуға мүмкіндік береді. Тексерілетін хабарларды көрсетуге болады және алынған электрондық поштаны қайта қарап шығуды іске қосуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін Электрондық пошта клиентін қорғау бөлімін қараңыз.

Қарап шығу құралының параметрлері - Электрондық пошта клиентін қорғау параметрлерінің опцияларын көрсетеді.