Вебке кіруді қорғау
Интернетке қосылу мүмкіндігі – жеке компьютерлердегі стандартты мүмкіндік. Өкінішке орай, ол, сонымен бірге, зиянды кодты тасымалдаудың негізгі құралына айналды. «Вебке кіруді қорғау» опциясы веб-браузерлер мен қашықтағы серверлердің арасындағы «HTTP» (Гипермәтінді беру протоколы) және «HTTPS» (шифрланған байланыс) байланысын сканерлейді.
Зиянкес мазмұн бар екені белгілі веб-беттерге қатынасу рұқсаты мазмұн жүктелмей тұрып блокталады. Барлық басқа веб-беттер жүктеліп жатқанда ThreatSense қарап шығу механизмі қарап шығады және зиянкес мазмұн анықталса блокталады. Вебке кіруді қорғау опциясы URL мекенжайларына кіруді блоктауға немесе рұқсат етуге және мекенжайларды сканерлеуден алып тастауға мүмкіндік береді.
«Вебке кіруді қорғау» опциясын қосу қатаң ұсынылады. Бұл опцияға Орнату > Интернетті қорғау > Вебке кіруді қорғау тармағына өту арқылы бағдарламаның негізгі терезесінен кіруге болады.

Веб-сайт блокталған кезде вебке кіруді қорғау браузерде мына хабарды көрсетеді:

Суреттері бар нұсқаулар ESET білім қорының мына мақалалары тек ағылшын тілінде қолжетімді болуы мүмкін: •Қауіпсіз веб-сайтты Вебке кіруді қорғаумен блокталуына қоспау |
Кеңейтілген орнату (F5) > Веб және электрондық пошта > Веб-қатынасты қорғау тармағында келесі опциялар қол жетімді:
Негізгі — Кеңейтілген орнату ішінен осы мүмкіндікті қосу не өшіру үшін.
Веб-протоколдар — Интернет браузерлерінің көбісі пайдаланатын осы стандартты протоколдар үшін бақылауды конфигурациялау мүмкіндігін береді.
URL мекенжайларын басқару — Блокталатын, рұқсат етілетін немесе тексеруге қосылмайтын белгілі бір URL мекенжайларын көрсету мүмкіндігін береді.
ThreatSense параметрлер – Вирусты қарап шығу құралын кеңейтілген реттеу – қарап шығатын нысандардың түрлері (электрондық хабарлар, мұрағаттар, т.б.), интернетке қатынасты қорғауға арналған анықтау әдістері, т.б. сияқты параметрлерді конфигурациялауға мүмкіндік береді.

