Қамтылмаған бағдарламалар
Белгілі бір желіні пайдаланатын бағдарламалардың қосылымын мазмұнды сүзуге қоспау үшін оларды тізімде таңдаңыз. Таңдалған бағдарламалардың HTTP/POP3/IMAP байланысында қауіптердің бар-жоғы тексерілмейді. Бұл опцияны тек тексерілетін байланысымен тиісті түрде жұмыс істемейтін бағдарламалар үшін ғана пайдалану ұсынылады.
Орындалып жатқан бағдарламалар мен қызметтер мұнда автоматты түрде қол жетімді болады. Протоколды сүзу тізімінде көрсетілмеген бағдарламаны қолмен қосу үшін Қосу түймесін басыңыз.

