Жаңалықтар
ESET NOD32 Antivirus 16 нұсқасындағы жаңалықтар
Intel® Threat Detection Technology
Жадта анықтау функциясын айналып өтуге тырысатын бопсалаушы бағдарламаларды анықтайтын, аппараттық құралға негізделген технология. Оның интеграциясы жүйенің жалпы өнімділігін жоғары деңгейде сақтай отырып, бопсалаушы бағдарламалардан қорғанысты күшейтеді.
Қараңғы режим
Бұл мүмкіндік ESET NOD32 Antivirus графикалық пайдаланушы интерфейсі үшін ашық немесе қараңғы түстер схемасын таңдауға мүмкіндік береді. Пайдаланушы интерфейсінің элементтері бөлімінде қалаған түстер схемасын таңдауға болады.
Жаңалықтар хабарландыруларын өшіру үшін Кеңейтілген баптау > Хабарландырулар > Жұмыс үстелінің хабарландырулары тармағын басыңыз. Жұмыс үстелінің хабарландырулары опциясының жанындағы Өңдеу түймешігін басып, Жаңалықтар хабарландыруларын көрсету құсбелгісін алып тастаңыз да, OK түймешігін басыңыз. Хабарландырулар туралы қосымша ақпаратты Хабарландырулар бөлімінен қараңыз. |