ESET NOD32 Antivirus ішінде құралдар
Құралдар мәзірі бағдарламаны басқаруды жеңілдетуге көмектесетін мәзірді қамтиды және озық пайдаланушылар үшін қосымша опцияларды ұсынады.
Бұл мәзір келесі құралдарды қамтиды:
Іске қосылған процестер (ESET LiveGrid® ESET NOD32 Antivirus бағдарламасында қосулы болса)
ESET SysRescue Live — Сізді ESET SysRescue Live веб-сайтына қайта бағыттайды. Бұл жерде ESET SysRescue Live .iso CD/DVD дискісінің кескінін жүктеп алуға болады.
Жүйені тазалағыш — Қауіпті тазалаудан кейін компьютерді пайдалануға болатын күйге қалпына келтіруге көмектеседі.
Үлгіні талдауға жіберу — Күдікті файлды талдау үшін ESET зерттеу зертханасына жіберу мүмкіндігін береді (ESET LiveGrid® конфигурациясына қарай қолжетімді болмауы мүмкін).

