POP3, POP3S сүзгісі
POP3 протоколы – электрондық пошта клиенті бағдарламаларында электрондық пошта байланысын алу үшін пайдаланылатын ең кең тараған протокол. ESET NOD32 Antivirus бағдарламасы пайдаланылатын электрондық пошта клиентіне қарамастан осы протокол үшін қорғауды қамтамасыз етеді.
Бұл басқаруды қамтамасыз ететін қорғау модулі жүйе іске қосылғанда қосылады, содан кейін жадта белсенді болады. Модуль дұрыс жұмыс істеу үшін ол қосылғандығын тексеріңіз — POP3 протоколын тексеру электрондық пошта клиентін қайда конфигурациялауды сұрамай-ақ автоматты түрде орындалады. Әдепкі мәні бойынша, 110-порттағы барлық байланыс тексеріледі, бірақ қажет болған жағдайда басқа байланыс порттарын қосуға болады. Бірнеше порт нөмірлерін үтірмен бөлу керек.
Шифрланған байланыс әдепкі бойынша қаралып шығатын болады. Сканер параметрлерін көру үшін Кеңейтілген орнату > Веб және электрондық пошта > SCL/TLS бөлімін ашыңыз.
Бұл бөлімде POP3 және POP3S хаттамаларын тексеруді қайта конфигурациялауға болады.
POP3 протоколын тексеруді қосу - Егер қосылған болса, POP3 хаттамасы арқылы өтетін трафик зиянкес бағдарламалардың болуына тексеріледі.
POP3 протоколы пайдаланатын порттар - POP3 протоколы пайдаланатын порттар тізімі (әдепкі мәні бойынша 110).
ESET NOD32 Antivirus бағдарламасы, сондай-ақ «POP3S» протоколын тексеруді қолдайды. Бұл байланыс түрі ақпаратты сервер мен клиент арасында беру үшін шифрланған арнаны пайдаланады. ESET NOD32 Antivirus бағдарламасы SSL (Қорғалған ұяшықтар протоколы) және TLS (Тасымалдау қауіпсіздігі) шифрлау әдістерін пайдалана отырып, байланысты тексереді.
POP3S протоколын тексеруді пайдаланбау - Шифрланған байланыс тексерілмейді.
Таңдалған порттар үшін POP3S протоколын тексеруді пайдалану — POP3S протоколы пайдаланатын порттар ішінде анықталған порттар үшін ғана POP3S протоколын тексеруді қосу үшін осы опцияға құсбелгі қойыңыз.
POP3S протоколы пайдаланатын порттар - Тексерілетін POP3S порттарының тізімі (әдепкі мәні бойынша 995).
