ESET Smart TV Security
 
ESET Smart TV Security – Мазмұны

Антивирус

Антивирус модулі кіріс қауіптерді бұғаттау және тазалау арқылы құрылғыны зиянкес кодтан қорғайды. Нақты уақытта қорғау сізге пробелсенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үішн жаңадан орнатылған әрбір қолданбаны қарап шығады.

Қауіптер

Сізге ESET Smart TV Security тапқан қауіптерді басқаруға мүмкіндік береді. Барлығын жою түймесін басу арқылы барлық қауіпті бірден жоюға немесе Қауіп мәліметтері түймесін басу арқылы қауіптерді бір-бірден басқаруға болады. Қауіпті елемеуді таңдауға болады; бұл қауіпті ақ тізімге орналастырады.

Құрылғыны қарап шығу

Бұл опция құрылғыңызды дереу қарап шығуды орындайды. Әдепкі бойынша, белгілі бар алдын ала анықталған файл түрлері қарап шығылады. Құрылғыны сканерлеу кезінде жад, іске қосулы процестер және олардың тәуелді динамикалық байланыс кітапханалары, сонымен бірге ішкі және алынбалы жадтың бөлігі болып табылатын файлдар тексеріледі. USB On-The-Go Scan мүмкіндігі Android TV-ге қосылатын кез келген алынбалы құрылғыда ықтимал қауіптердің бар-жоғын сканерлеуді қамтамасыз етеді. Android TV-ге USB құрылғысын қосқан кезде, сканерлеуді іске қосу опциясы бар хабарландыру көрсетіледі. Құрылғыны сканерлеу мүмкіндігі қосылған болса, Android TV-ге қосылып қойған алынбалы сақтау құрылғыларын автоматты түрде сканерлейді.

Жаңарту

Әдепкі бойынша, ESET Smart TV Security бағдарлама жүйелі түрде жаңартылуы үшін жаңарту тапсырмасын қамтиды. Жаңартуды қолмен орындау үшін Жаңарту пәрменін басыңыз.

Кеңейтілген параметрлер