Бастау шебері
Қолданба орнатылғаннан кейін бастау шеберіндегі экрандық нұсқауларды орындаңыз:
1.Соңғы пайдаланушының лицензиялық келісіміндегі, пайдаланушы келісіміндегі және құпиялылық саясатындағы шарттарға келісу үшін Қабылдау пәрменін таңдаңыз.
2.Өзіңіздің ESET Live Grid кері байланыс жүйесіне қатысуыңызға Рұқсат ету немесе Қабылдамау пәрменін таңдаңыз. Мұны бағдарлама параметрлерінде кейінірек өзгертуге болады. Көбірек оқу үшін осы бөлімді қараңыз.
3. «Қосу» немесе «Өшіру» пәрменін ESET Smart TV Security бағдарламасы Ықтимал қалаусыз қолданбалар анықтайтын-анықтамайтынын көрсету үшін таңдаңыз. Мұны бағдарлама параметрлерінде кейінірек өзгертуге болады. Ықтимал қалаусыз қолданбалар туралы қосымша мәліметтерді осы бөлімде қараңыз.
4.ESET Smart TV Security рұқсаттарын қарап шығып, Жалғастыру пәрменін басыңыз. ESET Smart TV Security бағдарламасына қатынасуға рұқсат ету үшін Рұқсат ету пәрменін басыңыз. Тыйым салу пәрменін бассаңыз, ESET Smart TV Security сәтті орнатылмайды.
5.Электрондық пошта мекенжайын таңдау экранында ESET лицензиясын тіркеу, қауіпсіздік құпиясөзін ысыру және техникалық қолдау қызметінің электрондық хабарлары жіберілетін электрондық пошта тіркелгісін таңдаңыз. Қолжетімді электрондық пошта тіркелгілерінің тізімін көрсету үшін Электрондық поштаны таңдау пәрменін басыңыз. Тіркелгілер тізімінен электрондық поштаны таңдаңыз немесе құрылғыңызға жаңа электрондық пошта тіркелгісін қосу үшін Тіркелгі қосу пәрменін басыңыз. Тіркелгіні растау үшін OK түймесін басыңыз. Жалғастыру үшін Келесі түймесін басыңыз.
Ескертпе Сізде Google тіркелгісімен байланысты лицензия бұрыннан бар болса, бар лицензияңызды пайдалану үшін байланысты электрондық пошта мекенжайын енгізу керек. |
6.ESET Smart TV Security енді құрылғыңызда орнатылды. Құрылғыңызда ықтимал қауіптер бар-жоғын қарап шығу үшін Бірінші қарап шығуды бастау пәрменін басыңыз.