ESET онлайн анықтамасы

Іздеу Қазақ тілі
Тақырыпты таңдаңыз

Антивирус

Антивирус модулі кіріс қауіптерді бұғаттау және тазалау арқылы құрылғыны зиянкес кодтан қорғайды. Нақты уақытта қорғау сізге пробелсенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үішн жаңадан орнатылған әрбір қолданбаны қарап шығады.

Қауіптер

Сізге ESET Smart TV Security тапқан қауіптерді басқаруға мүмкіндік береді. Барлығын жою түймесін басу арқылы барлық қауіпті бірден жоюға немесе Қауіп мәліметтері түймесін басу арқылы қауіптерді бір-бірден басқаруға болады. Қауіпті елемеуді таңдауға болады; бұл қауіпті ақ тізімге орналастырады.

Қазір қарап шығу

Бұл опция құрылғыңызды дереу қарап шығуды орындайды. Әдепкі бойынша, белгілі бар алдын ала анықталған файл түрлері қарап шығылады. Құрылғыны қарап шығу жадты, іске қосулы процестерді және олардың тәуелді динамикалық байланыстар кітапханаларын, сонымен бірге ішкі және алынбалы қойманы қарап шығады. ESET Smart TV Security құрылғыны әрбір іске қосудан кейін қарап шығуды бастайды.

Модульдерді жаңарту

Әдепкі бойынша, ESET Smart TV Security бағдарлама жүйелі түрде жаңартылуы үшін жаңарту тапсырмасын қамтиды. Жаңартуды қолмен орындау үшін Модульдерді жаңарту пәрменін басыңыз.

Кеңейтілген параметрлер